Республикалық "Халық үні" газеті 2012 жылдың ақпан айына дейін Жаңаөзен оқиғасына байланысты "ҚАРАЛЫ ҚЫРЫҚ КҮН" акциясын жариялайды. 16-желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасында билік халыққа қарсы оқ атып, жауыздық әрекеттерге барды. Ресми мәліметтерде Жаңаөзендегі және Шетпедегі оқиғаларда 17 адам қаза тапты делінгенімен, бейресми ақпараттар өлгендердің саны 100-ден асады деп топшылап отыр және билік өлгендерді жасыру мақсатында 100-ден аса мәйітті өртемек деген де әңгімелер айтылып қалуда. Жазықсыз құрбан болғандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек те бар (Рахат Көшеров). Ауруханада ем қабылдап жатқандары қаншама! Сонымен қатар, жазықты-жазықсыз түрмеге тоғытылғандары да аз емес. "Халық үні" газеті биліктің халыққа қарсы оқ атуын айыптай отырып және марқұмдарға тағзым ретінде 2012 жылдың ақпан айына дейінгі нөмірлерінде ҚАРА ЛЕНТА белгісімен жарық көретін болады. Және көпшілікті осы акцияға қосылып, ақпан... Ары қарай оқу
16-желтоқсан... Бүткіл қазақстандықтар Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлап жатқан тұста Жаңаөзенде мұнайшылар бас көтерді. 7 ай бойы орынды талаптарына құлақ аспаған биліктің ашқұрсақ ереуілшілердің жанында түк болмағандай ойын-сауық ұйымдастыруы — мұнайшылардың шыдамына соңғы нүктені қойған сыңайлы.
ЖАНТҮРШІКТІРЕР ЖАҒДАЙ Біз мұндай оқиғаларды көрші Қырғыз еліндегі Бішкек және Ош қалаларындағы қақтығыстар кезінде көрген едік. Бірақ, онда саяси жүйе мен этникааралық қақтығыстар болса, Жаңаөзендегі жағдайға негізінен әлеуметтік теңсіздіктер себеп болды. Мамыр айында "қаражанбастық” мұнайшылардың соңын ала ереуілге шыққан "Өзенмұнайгаз” жұмысшылары еңбекақыларының дұрыс есептелуін және басқа да еңбекке байланысты талаптар қойды. Алайда, олардың талаптарына жұмыс берушілер де, билік те құлақ асқан жоқ, керісінше, олардың өздерін кінәлап, ереуілшілерді жап... Ары қарай оқу
Жастар — еліміздің болашағы. Жастарымыз білімді, рухы биік, дені сау болса, онда ел болашағының да жарқын болғаны. Сондықтан, мемлекетіміз қашан да жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылап келеді. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей-жай қарамайды және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосқысы келеді. Бұл қуанышты жағдай. Тағы бір қуантарлығы бүгінгі таңда ауыл жастарының да еңсесі биіктеп, қоғамымызға жаңа леп әкелуде. Жастарымыздың белсенділігін, олардың білімдерін одан әрі арттыру — мемлекет алдында тұрған міндеттердің бірі. Тамыздың 8-10 жұлдыздары арасында ОҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, " ОҚО Ауыл жастары одағы” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен облысымыздағы бір топ белсенді жастар табиғаты әсем Машат шатқалында бас қосты. Түрлі оқу орындарында оқитын жә... Ары қарай оқу
"Ақжол” партиясын тастап, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне төраға болып барғанына ұзақ уақыт бола қоймаған Әлихан Бәйменов жаңа реформаның басын қылтитты. Мемлекеттік қызметтен дәмелілерге шығарма жаздыруды ұйғарған Бәйменов мырза көптеген басшылардың арызды да дұрыс жаза алмайтынын сынға алды. Айта кетейік, Бәйменов аталмыш креслоға отырған соң, бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасаған. Мәселен, Агенттіктің Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқарма басшысы — Тәртіптік кеңес төрағасы болып Ермағамбет Бөлекбаев тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Болат Үркімбаев өз еркімен қызметтен босады деп хабарланды. Команда жағдайын бір реттеп алса керек, енді Бәйменов мырза мемлекеттік қызмет саласын реформалауға кірісті. Оның айтуынша, қазір тамыр-таныстық арқылы қызметін өсіру фактілері артқан. Бұған дейін басшы қызметтерге арнайы тест арқылы қабылданатын болса, Бәйменов айтып өткендей, тест жауаптарын саудалау оқиғалары да кездесіп тұр... Ары қарай оқу
Жуырда Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі БАҚ өкілдерімен және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарымен бірлесіп қала базарларында арнайы рейд жүргізді. Қаламыздағы ірі бақша өнімдерін сату орны — "Алаш” базарына барған рейд жүргізушілер ондағы қазіргі ең көп тұтынылатын бақша өнімдерінің бірі — қауын мен қарбызды арнайы құралмен тексеріп, сынама алды. Нормативтік көрсеткіш бойынша қауындағы нитраттар 90 мл/кг болуға тиіс. Ал қарбызда бұл мөлшер 60 мл/кг-тан аспауға тиіс екен. Алайда, алынған сынамалар көрсеткендей, мұндағы қауындардағы нират мөлшері 280-ді көрсетіп тұр. Қарбыздағы мөлшер 210-ға жеткен. Ал нитрат мөлшерінің көбеюі — асқазан-ішек жолдарына айрықша зиян. Тіпті, кішкентай балалар нираты шектен тыс жоғары өнімдерді пайдаланған жағдайда, уланып қалуы да ғажап емес. Біз қызығы, базардағы сынама алушылар өз құрылғысымен тексеріп көргенде... Ары қарай оқу
Естеріңізде болса, газетіміздің 28(368)-нөмірінде "Көше орнына салынған үйді бұзуға ешкімнің қауқары жетпегені ме?” деген тақырыппен материал жарияланған болатын. Мақалада Шымкент қаласындағы Самал-1 мөлтекауданы аумағында Рысқұлов және Бектаев көшелерін жалғауға тиіс шағын көшенің орны үй салу үшін беріліп кеткендігі жөнінде айтылған. Архитектурадан бастап, соттар да ол орынға көше түсу қажеттігін шегелеп, тіпті, мұны Жоғары соттың қадағалау алқасы дұрыс деп тапқанымен, үй өз орынында қалғанын, керісінше, Жоғары соттың шешімі төменгі жақтан күшін жойғанын жазғанбыз. Осыған байланысты аталмыш үйдің иесі Мейрамкүл Мейірбекова редакциямызға өз наразылығын білдіріп келіпті. Оның айтуынша, үй ешқандай көше орнына салынбаған.
Біз бұл тараптың да уәжін тыңдап, мән-жайды оқырман назарына жайып салуды жөн көрдік. Мейрамкүл Мейірбекованың айтуына қарағанда, ол бұл жер телімдерін 2005 жылы 2 ада... Ары қарай оқу
«Қасиетті Түркістан жеріне келген сайын ерекше тебіренемін. Мұнда исі қазақтың елдігі мен ертеңін ойлап, тебінгісінен тер төгіп жүріп өмір кешкен хан да, би де, батыр мен бағлан да мәңгіге тыныстап жатыр. Олардың өшпес рухы, халық үшін атқарған қайрат-жігерге толы қызметінің қасиеті әрбірімізді жебеп-желегей дегім келеді».
Н.НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті.
"Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібі ғой”, — деп Мағжан Жұмабаев бабамыз жырлағандай, қасиетті Түркістан шаһары еліміздің рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар түркі тілдес халықтардың қасиетті қара шаңырағы, мұсылман жұртшылығының тәу етер киелі орталығы. Түркістаннның айбынын асқақтатып отырған ерекше орын — Әзірет Сұлтан, яғни Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. Күн сайын Қазақстанның түк... Ары қарай оқу
Мен өзімнің ескі "Жигулиімді” сата алмай жүрген болатынмын. Өткен базар апардым, сұраныс «Мерс» пен «Опель» машинесінің төңірегінде болды. Онан бұрын апарғанымда да жұрт «Старикс» машиналарын саудалап, мен тек кірер есікке ақша төлеумен қалған едім. — Базарға кештеу барғаның дұрыс, — деді менің ұнжырғам түсіп, іске қолым бармай жүргенін байқаған әйелім. — Е, неге ? — Нағыз сауда базар қайтысында басталады, ерте барсаң тек күткенің қалады, — деді ол. — Дұрыс екен! — дедім де, мотордың май аққан жерлерін сүрткілеп, босаған бөлшектерін тартып, базарға түске жақын келдім. Әйелімнің көрегендігінде шек жоқ қой деймін. Саудам бірден қызып алып жүре берді. Алымшылар болса кезегімен келіп ұрына бастады. — Қай жылғы? — 85..! — Қанша дейсіз? — Мың доллар. Осы айтқан бағам өзге машинелермен салыстарғанда "Жигулиіме” көптеу көрінсе де, биіктеу айтсаң бағаның біртіндеп төмен түсетінін білдім де, айтқан нарықтан түсе қоймадым. ... Ары қарай оқу
Рамазан айы кезінде әрбір мұсылман жан садақасы – пітір садақа беруі қажет. Пітір сөзі (араб тілінде) – «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітірді «дененің зекеті» деп атаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айында ораза ұстаған адамдарды пітір садақа беруге бұйырды. Абдуллаһ ибн Омардың (р.а.) риуаят етуі бойынша: «АллаҺ Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айында пітір садақаны парыз етті. Бір сағ (3, 334 кг) құрма немесе бір сағ арпа беріледі. Бұл мұсылмандардан әрбір кұл, ерікті, еркек, әйел, үлкен, кіші үшін уәжіп», – деген (Бухари, «Зәкәт», 70-78 беттер). Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) ораза ұстаған пендені тазалау үшін пітір садақаны парыз етті. Бұл міндет ораза ұстаушыны бос сөздерінің кірінен, әдепсіз айтқан сөзінің күнәсінен пәктейді және кембағалдар үшін азық. Кімде-кім оны (айт) намаздан алдын берсе, ол қабыл болған зекеттей саналады. Кімде-кім намаздан кейін берсе, ол тек — жай садақа» (Әб... Ары қарай оқу
Адам үшін аса қауіпті қатерлі аурудың бірі — құтырудың қоздырғыштары да көктем, жаз айларында күшейіп кетеді. Осыған орай жер-жерлерде ит, мысық, тағы да басқа жануарлар қапқан, тістеген, тырнаған адамдар есепке алынып, қажетті ем қабылдап отырады. Шымкент қаласы Еңбекші ауданында өткен жылы және биылғы жылдың төрт айында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Дегенмен, ит, мысық, тағы да басқа жануарлардан жарақат алғандардың саны жыл санап өсуде. Ал құтыру ауруы қалай жұғады,оның қандай белгілері бар, одан сақтанудың қандай жолдары қандай ? Біз оқырманға осы жөнінде айтпақпыз. Құтыру — ауруы аса қауіпті, жұқпалы ауру. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды, өлімге соқтырады. Ауру қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы — қасқыр, түлкі, шибөрі сияқты жабайы аңдар. Міне, солардан ауру қаңғыбас иттерге, үй жануарларына жұғады. Ал кесел адамға ауру жануарлар тістегенде, тырнағанда оның сілекейі арқылы еніп, жарақат арқылы жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 12 күннен 1 жы... Ары қарай оқу