Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады? - 20 Мая 2010 - АЛТЫ АЛАШ
Мой сайт
Жұма, 25.04.2014, 04:29
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная РегистрацияВход
Сайт мәзірі
Бөлім категориясы
Саясат [110]
Саяси оқиғалар
Билік және бұқара [160]
Елдегі оқиғалар
Спорт3 [79]
Әртүрлі [353]
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2010  »
ДССССРБСЖМСБЖК
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Главная » 2010 » Мамыр » 20 » Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады?
13:34
Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады?


Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады?

Әңгімені неден бастарымды да білмеймін. Білер едім-ау! Сөздің құны арзандаған қасірет ғасырында көресемізді көріп біттік. Маңдайымыздың соры бес елі екен. Бес елі дегеніңіз де бекер. Он, я жүз, я мың елі. Есептеген ешкім жоқ. Соңғы төрт-бес жылдың ішінде көзіміз кіндікке сүрініп, тоқ бөксе, бос бөксе, ұзын аяқ, қысқа аяқ, жіңішке аяқ, жуан аяқ, арулардың бойында не бар, не жоқ бәрін қымтырылмай көретін жағдайға жеттік. Ата-енеден, әке-шешеден, аға-ініден ұялмайтын қыздарымыз кесе көлденеңдеп қасымыздан өте шыққан кезде о пақырыңыздың киімі қайсы, жалаңашы қайсы аңғара алмай қалатын болдық. Бұған нала болмаған қазақ кемде-кем. Содан бері біраз жараның беті сыздай бастады. Бәрін тізіп қайтеміз. Айтуға ұят. Айтпауға болмайды. Осы аптаның басында басымызға жай түсірер жайсыз хабар келіп жетті. Қазақтың қыздарының арын қорлайтын порнографиялық фильм сатылымға шығыпты. Хабар жетісімен сол дискіні іздестіре бастадық.

Көк базардың маңы

Ығы-жығы халық. Санама өрмекші торын құрып тастаған. Сол шырмалған тордың арасында шырылдаған шыбын жанның дауысы естіледі. Қазақтың қызы болмаса екен. Онсыз да көресені көрген аруларымыздың бетіне күйе жағылмаса екен. Тіпті, Алматыда түсірілген порнографиялық кино болса да, ұлтының басқа болғанын қаладым. Топ дискі сатып тұрған өзім құралпы қазақ жігітіне жақындап қалыппын. Сезік тудырмасын деп қолыма ұстаған апталық газеттерді ішіме сүңгітіп жібердім.
Дискі алып тұрған үш қыздан қымсынып біраз тұрдым.
— Сұрай беріңіз, — дейді сатушы. Кібіртіктеп қалсам керек. Әр дискіге бір үңілем. Қыздар кеткен соң:
— Порнографиялық кинолар бар ма, — дедім.
— Бар. Қандайы қажет?
Қолыма бірнеше дискіні ұстата салды. Қарап жатырмын. Арасында іздегенім жоқ.
— Қазақтың қыздары жайлы жаңа дискі...
— АГУ-дің қыздары жайлы ма? Ол қымбат тұрады.
— Қанша?
— Мың теңге.
— Соның біреуін бер.
Сатушы әлдебір жерге жүгіріп кетті. Көп күттірмеді. Танауынан жел есіп ентіге басып жеткен жігіт:
— Ол дискі бітіп кетіпті. Ертең ертеңгісін ала келейін, — деді.
— Телефон нөміріңді жазып алайын. Бүгін касетаны таппасам қоңырау шалармын, — дедім.
Сатушы тонын ала қашты.

Көк базардан төмен қарай ылдыйладым. Тағы да бір топ дискі сататын жерге келдім. Бұл жерден іздегеніміз оңай табылды. Сыртына «Алма-Атинское порно», «Студенты АГУ», «Любительские съемки» деген жазуы бар дискінің бетіндегі жалаңаш әйел назданып тұр. Дереу қалтама сүңгітіп жібердім де, мыңдықтың құлағын шығардым.
Санам сан саққа жүгіріп кетті. Мынау мешіттің маңындағы дискі саудалайтындардың өзі қамсыз қазаққа қандай қатер төндіріп тұрғанын білмейміз-ау... Мұнда не жоқ? Бүгін кинотеатрда көрсетілетін фильм, ертең осы жерден табылады. Заңсыз көшіріліп, заңсыз сатылады. Кімге саудалағысы келсе, соған береді. Ол бала ма, шаға ма, ешкімнің шаруасы жоқ. Олар ақша тапса болды. Қалғаны құрып кетсін. Топан су басса да, тобығымен су кешіп жүре береді.

Аиданың ары

Көзбен көрмегенге сенбейтін қазақпыз. Сорақылығы сол — «біз ешкімнен де кем емес екенбіз». Бас аяғы бес минутқа созылатын «қазақы-порно» маған осыны ұқтырды. Рас. Елірген жасөспірімдер Алланың өзі жасырған күнәлі істі қалтафондарының камерасына түсіріп, бір-біріне таратып жіберетін жайлар қазір көптеп кездеседі. Бірақ, мынау нақты дискіге көшірілген нұсқасы. Мұндай сұмдық бұрын-соңды болмаған-ды. Ондағы жан түршіктірер қатынасты суреттеп, әспеттеу артықтау болар. Барып тұрған азғындық. Қазақылап айтқан кезде қарындасымызға («Әр қазақ менің жалғызым» деген аксиомаға сүйеніп отырмын) екі өгіз артылады. Өкініштісі олар да қазақ. Шұбар тілділердің бірінің беті бір кадрда жартылай көрініп қалды. Ұрынарға қара таппай жүрген балаң жігіттер секілді. Айқас алаңы жатақхананың бөлмесіне келетіні де рас. Бірақ, анық емес. Көк һәм сарғыш шақпақты ортасында ақ жолағы бар «матрастар» соны дәлелдеп тұр. Әу басындағы 2-3 секунд бір қарайып, бір ағарып сапасыз камера (қалтафонның камерасы болса керек) бұлғақты салғысы келді. Бірақ, бертін келе қыз мүсіні айқын көріне бастады. «Анаңның аузын...» дегендей қарындастың оймақтай аузына соғыс ашқан пәтшағар қыздың тісімен алысып әлек. Ара-тұра біраз дөрекі қимылдар жасап, қаймыққан қызды икемдеп алады. Біраз уақытқа созылған іс, жас жігіттің дегбірін алды білем. Назарын төменгі қапталға аударды. Яғни, негізгі ісіне көшті. Дәл сол сәтте дауысы ғана естіліп, камераға түсіріп тұрған жігіттің ұятты жері көрінді. Дәл бір азғындаған шет елдегідей ол да оймақтай ауызға шабуылына кірісіп кетті. «Аида бес-ақ минут шыдашы» деген балаң жігіттің дауысы қаныңды қайнатып жібереді екен. Екі жігіттің бір қызды ортаға алуы аты өшкір шетел азғындарының ісі сияқты еді. Енді міне... Көрдік. Жиіркендік. Көрмегеніміз осы еді. Аиданың ары «қос құлқынның» табанында тапталып жатты. Анығында күллі АГУ-дің қыздарының, қала берді барша қазақ қыздарының ары емес пе еді, бұл?...
Қазақтың алдында жауап берулері керек
Әуектетіп қайтеміз. Қазақтың беті күйе-күйе. Кім жақпады оны?. Әлем алдына қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Борат қазақтың атынан қарындасын төсекке сүйрелеп масқарамызды шығарып, «Аты өшкір Борат» намысымызға солай тиген. Бірақ, «ләм-мим» дегеніміз шамалы. Артынша оған жауап ретінде қазақ қыздарының арлылығы туралы фильмдерді жаудыруымыз керек еді. Оған қауқарсыз болдық. Керісінше, сол кинодан үлгі алғандай көркемдікті ышқырдан іздейтін бірқатар фильмдер түсіріп тастадық. Атап айталық. «Аңшы», «Қарой», «Әке қорлығы», «Шиза», «Түнгі блюз», «Келін», «Қайрат-Чемпион», «Махаббат тәлкегі». Не берді? Ештеме де. Алаш оғландарын аздырды. Міне, соның көрінісі іспетті жайма базардың саудасын жастарымыздың азғын қылығы қыздырып жатыр. Бәрінің аузында АГУ-дің қыздары.
Екі санасыздың ісі деп кешірер едік. Мұндай санасыздар елімізде аз ба? Әркім білгенін істесе, еліміз порнографиялық фильмдер түсіруден көш бастап кетпей ме? Біріншіден атауынан ат үркетін Абай атамыздың атындағы Алматы Ұлттық Педагогикалық Университеті үшін ұят. Неге? Себеп, сол университеттің студенті болсын, болмасын дискілердің сыртындағы жазу біраз мәселе туындатады. Дереу оқу орны басшылығы бұл істің анық-қанығына жетуі керек. Ақталудың қажеті жоқ. Яғни, осы мәселені көтерген баспасөз құралдарымен емес, студенттермен айналысуы қажет-ті. Сосын... Біздің елде заң бар. Сол бір төсекте ес-түссіз қылымсыған қаншық (солай деуге мәжбүрмін. (Қ.Ә)) әр қайсымыздың қарындасымыз, қызымыз, әпкеміз... Бірнеше жылдан соң, анамыз... Сол себепті бес минутта «порножұлдыз» атанған Аиданы тауып, жаза кесу керек. Қазақтың басқа арулары заң бар екенін білсін. Ал, әдірем қалғыр «екі ақымақ» заң алдында жауап беруге тиісті. Неге дейсіз бе? Дискі қабының сыртында «казахское порно» деген сөз тұр. Яғни, күллі қазақтың көрінісі деген сөз. Оның «геройларын» тауып, жазаға тарта алмаса Алматы қаласының ішкі істер департаментіне сын. Біздің айтарымыз осы. Сіз не дейсіз?
Қанат ӘБІЛҚАЙЫР.
"Болашақ” газетінен.

P.S. Біздің газеттің осы санында жарық көріп отырған сұмдық мақала қазақ қоғамын жарып жіберуге тиісті. «Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады?»-деген тақырып бұрын-соңды қазақ дүниесінде болмаған мәселе, енді онсыз да тұралап тұрған жастар тәрбиесі мәселесіне тағы да бір жойқын соққы берілген сияқты. Осыдан біраз уақыт бұрын Борат туралы кино шыққанда бәріміз мақтанған болатынбыз: «Әлгі киноның қазаққа еш қатысы жоқ» деп. Қазір болса, сол киноның ең ұятты жерлерін өзіміз қолдан түсіріп, экран бетіне шығарып, еш тайсалусыз сатудамыз. Бәле бірден келмесі анық, ол алдымен ескертулер беріп, қоғамның мықтылығын тексереді. Топ болып жыныстық қатынас үстінде видеоға түскен қазақ студенттері туралы, осыған дейін де естіген болатынбыз. Бірақ қоғам оны елемеді.
«Пәленше университетте түгенше деген студенттің ұятты видеосы блютуз арқылы қалтафоннан қалтафонға секіріп жүр» дегенді естігенбіз. Алайда қоғам оны аңғармады, мән бермеді, көз салмады, құқық қорғау органдары жауаптыны іздемеді. Тіпті ешкім шағымданған да жоқ. Салдарынан, әбден еркінсіген сұмырайлар енді өз қылықтарын көшеге шығарып еркін сатуда. Кім кінәлі? Меніңше бәріміз кінәліміз! Енді не істейміз? Меніңше қолда бар күштің бәрін іске қосып, күресу керек. Егер жағдайды «ойбай, жұрт естімесін» деп жауып қоятын болсақ, сәл уақыттан кейін одан да зорын көретін түріміз бар. Жағдай барынша шиеленісті. Өзге елдер қалай шыдайтынын білмейміз, бірақ қазақ қоғамы жатып қалмауға тиісті. Егер бүгін үндемесек, күзде университетке жаңа бүлдіршіндер келгенде «Көк базардың» қасында қазақ студенттерінің қатысуымен жүздеген порнодискілер сатылып тұруы мүмкін. Естуімізше халық аталмыш дискілерді жапа тармағай сатып алуда, яғни сұраныс бар. Ертең сұранысқа, орасан ұсыныс болмасына кім кепіл? Дәл осындай жағдай көрші Ресейде өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында кең етек жайған болатын. Сол кезде дереу іске кіріспеген солтүстік көршіміз қазір бармақ тістеуде. Арын сатқан орыс қызы қазір тіпті Африка нарығын да жаулап алған. Әлемде түсірілетін порнокинолардың 25%-на дейін орыс қызының қатысуымен өтеді екен. Оларды әлемдік нарыққа шығару үлкен бизнеске айналған көрінеді. Енді көршіміз жағдайды түзей алмас, олар үшін бұл сұмдықты тіпті «Брат» фильміндегі марқұм Сергей Бодровтың өзі де түзей алмас («Брат» киносында күрескенін білеміз). Терең моральдық құлдырауға түскен орыс ағайын, соңғы жиырма жылда әлі бірде-бір рет демографиялық өсім көрсеткен жоқ. Ол жақтағы біраз қыздар ана болып бала табудан гөрі, клуб жағалап, киноға түскенді аңсап кетті. Еркін демократиялық қоғамда оларға ешкім «тоқта!!!» дей алмайды. Ал проблеманың салдары орасан зор. Құрметті ағайын, ендігі кезек қазақтікі болуы әбден мүмкін. Құдай сақтасын! Біздің сыртымыздан күліп, ортамызға ойран сала алмай жүрген сырттың жансыздары қаншама. Біз әлі өз елімізде толық үстемдік орнатқан ұлт емеспіз. Осындай ауыр жағдайда ақылдан адасқан қазақ қызын тиімді пайдаланып жүрегімізге пышақ, арамызға іріткі салулары мүмкін. Қоғамымызды әбден құлдыратып, азғындатып, артынан әкеліп діни экстремизмге итеруі ықтимал. Арсыздықтан, ұятсыздықтан шаршаған, ашынған, қазақ азаматы экстремизмге бармайтынына кім кепіл?! Егер сценарий дәл осылай өрбитін болса, оның арты неге әкелетінін болжау қиын емес, екінші Ауғанстан не Ирак боламыз да шығамыз. Қоғамның берекесі үшін әрбіріміз жауаптымыз, ондағы келеңсіздікке қарсы бір ауыздан күресуге міндеттіміз. «Менің қатысым жоқ» деген азамат қоғамның жауы. Сақ болайық!


ҚазҰПУ студенттері атынан Жастар Комитетінің тұжырымы
Жалған дискі шығарушылар жазалануға тиіс немесе Студенттер ар-намысын ешкімге таптатпайды!

Бүгінде Алматы қаласының қалтарыстарында, бұрыш-бұрыштарында, қазіргі тілмен айтқанда «жабайы базарларында» «Алматинское порно», «Студенты АГУ» деген атпен DVD бейнедискасы астыртын сатылып жатыр. Адамгершілікке жат айуандық порнографиялық бейнесюжетті біздің оқу орнымызға телген диск шығарушылардың мұнысы арандатушылық әрекет екені өзінен-өзі түсінікті.
80 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы ең тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті 90-шы жылдары Алматы мемлекеттік университеті – Алматинский Госуниверситет, яғни АГУ болып аталғаны, ол 2005 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті болып қайта өзгертілгені белгілі. Бірақ күні бүгінге дейін ел аузында оқу орнының атауы ауызша «АГУ» болып айтылып келеді.
Бейнесюжетті жасаушылар оқу орнымыздың беделін түсіру үшін осы атауды әдейі алып отырғаны өзінен-өзі белгілі. Оның «авторлары» Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде студенттер осындай анайы тірліктермен айналысады дегенді айтып, бүкіл университет ұжымына күйе жаққысы, 15 мың студенттің ар-намысына тиіп, 1,5 мың профессор-оқытушы қауымының шәкірт тәрбиелеудегі адал еңбегін жоққа шығарғысы келеді.
Бейнесюжет 4 бөлімнен тұрады. 2-3 және 4-ші бөлімдер интернеттен алып құрастырылған көріністер. Ал енді 1-ші бөлімді «авторлар» біздің студенттер дегісі келеді. Мұнда екі ер адам мен бір әйел адам көрсетіледі. Сюжет мүлде басқа жақта түсірілгені көрініп тұр. Бөлменің ішкі көрінісі мен жабдықталуы жатақхана емес, жеке үйдің бөлмесіне ұқсайды. Ондағы әрекет иелері де мүлде бөтен адамдар. Сюжетке ешқандай авторлық түсінік те берілмейді, бұл Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері деген бір ауыз сөз, не бір жазу немесе белгі де жоқ. «Фильмді» жасаушылардың аты-жөні, мекен-жайы белгісіз. Сыртына үндінің екі жалаңаш әйелін бейнелеп, «Студенты АГУ» деп жазып қойғаны болмаса, бізге қатысты ештеңе жоқ. Ал енді «Караван» газеті осы туралы мақала жариялап, бұл жағдай Алматыдағы педагогикалық ең беделді университеттің жатақханасында болған және түсірілген деп отқа май құйғандай әрекет жасады. Ал «Болашақ» апталық газеті «жерден жеті қоян тапқандай» университет ұжымын дұшпанындай табалайды (№ 17, 14 мамыр 2010 ж.).
80 жылдан астам тарихы бар классикалық үлгідегі қазақ білімінің қара шаңырағы – ұлы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің атына дақ салу жекелеген арам пиғылды адамдардың әрекеті деп атүсті қарасақ — жаңсақтық болар еді. Ең бастысы, мұнда ұлттық кемсітушілік жатқанын аңғарғанымыз абзал. DVD дискінің соңғы бетіне «Казакское порно» (Казахское емес) деп жазып қоюының өзінде біздің ұлттық намысымызды қорлаудың көрінісі байқалады. Жоғарыда атап өткеніміздей, «Алматинское порно» деген жарнамасы тағы бар. Сонда бүкіл қазақ жастары жолдан шығып, рухани азғындық жолына түскен болып шығады.
Бірақ біз, университет студенттері, бұл мәселені осы қалпында қалдыра алмаймыз. 15 мыңға жуық студентке сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған және Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бірінші болып «Ұлттық тәрбие» пәнін оқу үрдісіне енгізіп, жастарға жоғары адамгершілік тәрбие беріп отырған біздің киелі қара шаңырағымызға нақақтан-нақақ жабылып жатқан жалаға біз үнсіз қарап отыра алмаймыз. Халықты бір-ақ күнде дүрліктіріп жіберген ұятты дискінің біздің университетке, оның жатақханасына, әсіресе студенттеріне еш қатысы жоқ! Бұл біздің беріп отырған ресми мәлімдемеміз деп біліңіздер. Бұл іс-әрекеттің бізге жасалған қастандық екені айдан анық. Бұл қастандыққа кімнің қатысты екенін, не мақсатпен ұйымдастырылғанын біз әзірге білмейміз, бірақ анықтамай қоймаймыз. Университет басшылығының Алматы қаласының әкіміне жазған хатына ресми жауап алғаннан кейін нақты іс-әрекетке көшеміз.
Біз – қайсар қазақтың ұрпақтары, қыздары – иманды, парасатты, инабатты, ұлдары – жігерлі, айбарлы халықтың бүгінгі өкілдеріміз. Біздің әрбір басқан қадамымыз бен істеген іс-әрекеттеріміздің есебі бар. Қызға қырық үйден тыйым еткен қазақтың ару қыздарынан біз мұндай сорақылықты күтпейміз. Біздің университетіміз туралы жазылған осынау жалған ақпарат – Абай атындағы ҚазҰПУ-ға ғана емес, күллі қазақ жұртшылығына, қазақ жастарына жағылған күйе деп білеміз. Ұятты дисктің сыртында «Студенты АГУ» деп жазылса бітті, жер-жаһанға жар салып, университет беделіне нұқсан келтіру адамдыққа жата ма? Ол сорақы «фильмсымақтағы» «адамсымақтардың» біздің студенттер екеніне көзін жеткізіп алмай, «Болашақ» газетіндегі мақаласында Қанат Бірлікұлының «Абай атындағы Алматы Педагогикалық университеті» деп жазуы ұят нәрсе. Біріншіден, «Алматы Педагогикалық университеті» емес, «Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті», екіншіден, дискінің сыртында «Студенты АГУ» делінген, «АГУ» аббревиатурасын пайдаланған кім болса да, ол заңды өрескел бұзушы, еліміздің заңдарымен тыйым салынған порно өнімдерді жасап, таратушы. Ол келесі өнімінің өтімділігін қалағандықтан, басқа да елімізге танымал жоғары оқу орнының атын жазып қойса, біз сене салуымыз керек деген сөз бе? Біздің жатақханаларымызда мұндай сорақылыққа жол берілмейтініне өзіміз кепілдік етеміз. Себебі, білім іздеп еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттеріміз жатақхананы өз үйлеріндей көреді, бір бөлмеде тұрғындардың орналасу тығыздығы 6-7 адамды құрайтын, күні-түні жіті бақылауда болатын жатақханада заң бұзушылық әрекетімен, яғни порно өнімін түсірумен айналысуға көзі ашық, көкірегі ояу, құқықтық сауаттары бар студенттер ешқашан да бармақ емес.
Біз «арымнан жаным садаға» деген намысқой қазақтың ұрпақтары, арымызға дақ салған араңдатушылардың бұл іс-әрекетін ашу-ызамен айыптаймыз және абырой-намысымыз үшін әрқашан күресуге дайынбыз.
Біздің университетімізде осындай жағдай болды деп «бөркін аспанға атып», табалайтын ақпарат құралдары да ойлануға тиіс. Біз, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері, еліміздің құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдарынан университет атынан жалған дискі шығарып, жастарымызды және бүкіл ұлтымызды қорлаған қылмыскерлерді тауып, оларды қатаң жазалауын талап етеміз.
 

ПОРНОШЫЛАРДЫ ТАБУ ҚИЫН БА?

Ұлтымыздың бетіне күйе жағып, білдей бір университетті қаралаған порношыларды табуға құқық қорғау органдарының қаншалықты білек сыбана кіріскені белгісіз. Әйткенмен, шын кіріссе, ұяттан безгендерді анықтауға әбден болатын сияқты.
Біріншіден, диск сатушылар алғашқыда бұл фильмнің нұсқасын қайдан алғанын біледі, солар арқылы жолдың басына шығуға мүмкіндік бар. Екіншіден, егер фильмді түсірушілер "АГУ” атауын бекерден-бекер алмады десек, университет студенттерінің өздері бұл оқиғаның ашылуына көмектесулері қажет. Қалай дегенмен де, жоғарғы курс студенттерінің көп нәрсені анықтауға мүмкіндіктері бар.
Бәлкім, жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдау қарсаңында мұны "АГУ”-дың бәсекелестері де істеп отырған болар.
Осы тақырыпқа байланысты интернет парақшаларындағы оқырмандар пікірлеріне көз жүгіртсеңіз, "Бұл оқиға Қостанайда түсірілген” деген сөздерді де кездестіруге болады екен. Қазақстанның қай бұрышында түсірілсе де, мұның ұлтымызға абырой әпермесі анық. Бұдан бөлек, ұялы телефон арқылы түсіріліп, бір қолдан екінші қолға bluetooth көмегімен таралып, одан қалса интернеттерге де жарыққа шығып кетіп жатқан порнотүсірілімдер қаншама! Сондықтан, тиісті орындардың қатаң шараларға барып, мұндай ластықтың жолын кесуі қажет!

Редакция.
Категория: Әртүрлі | Просмотров: 6333 | Добавил: АЛАШ | Рейтинг: 1.3/3
Всего комментариев: 20
0
6 who is brett michaels currently dating   (08.09.2013 12:06)
single seniors online dating http://interracial-dating-central.info/plentyoffish/free-online-dating-iphone-app free jewish dating sites peoria az http://interracial-dating-central.info/plentyoffish/singles-mobile-chat - singles mobile chat
adult dating sex website http://interracial-dating-central.info/plentyoffish/free-sex-in-phoenix - central ny dating is alec baldwin dating anyone
tease and dating http://interracial-dating-central.info/plentyoffish/get-laid-in-birmingham she's hesitant about dating http://interracial-dating-central.info/plentyoffish/dating-southampton - dating southampton
free dating sites for only http://interracial-dating-central.info/plentyoffish/plentyoffis-h - introduction letter dating free online uk dating sites

0
5 high brow dating services   (29.08.2013 11:43)
dating on line free http://plenty-of-fish-login.biz/plentyoffish_golden-shower-women dating mature woman mature http://plenty-of-fish-login.biz/plentyoffish_dating-in-mumbai - dating in mumbai
adult online dating and personals http://plenty-of-fish-login.biz/plentyoffish_find-dominant-women - childrens dating free dating sights
diaspora dating http://plenty-of-fish-login.biz/plentyoffish_relaxing-alternative-music dating arabs http://plenty-of-fish-login.biz/plentyoffish_free-dating-sites-for-mobile-phones - free dating sites for mobile phones
no dating friendship clubs http://plenty-of-fish-login.biz/plentyoffish_pof-sex-and-dating - adult dating phone y lines 10 rules fror dating my daughter

0
4 Diembooto   (15.03.2013 00:49)
http://onlinemedistore.com/products/acticin.htm - http://onlinemedistore.com/1.jpg
canada pharmacy cheap drugs http://onlinemedistore.com/products/tretinoin-cream-0-025-.htm baby diaper rash pharmacy pink http://onlinemedistore.com/products/zaditor.htm - pharmacy technical help contacts
professional pharmacy pottstown pa http://onlinemedistore.com/products/advair-diskus.htm wallgreens pharmacy http://onlinemedistore.com/products/zyloprim.htm - zyloprim
define pharmacy http://onlinemedistore.com/products/naprosyn.htm unc school calendar 2007 pharmacy http://onlinemedistore.com/products/requip.htm - delmar pharmacy
worlds fair pharmacy 11355 http://onlinemedistore.com/products/antabuse.htm caremark pharmacy http://onlinemedistore.com/products/metformin.htm - metformin

0
3 Edusnenue   (09.01.2013 03:52)
joaquin phoenix dating http://loveepicentre.com/testimonials.php method of historical dating

0
2 Куралай   (07.11.2012 13:36)
адам не де болса уялу керек кой... Биз казак халкымыз! Биз мусылман халыкпыз, адамда асиресе кызда ар-намыс болу керек кой.. Аиданын, жанагы улдардын iсi ендi осы казак кыздарынын намысын аяк-асты кылганы... Буган катан жаза колдану керек

0
1 Мырза   (07.06.2010 09:53)
Қазіргі қалта телефоны жастарды әбден бұзып бітетін болды.Ең соңы өздерінің әжетханаға барғандарында камераға басып алып, жұртқа тарататын болған. Ал жоғарыдағы Айданың тірлігі бүкіл қазақ қызының беделін түсіретін нәрсе. Ал соның қасындағы қазақ деуге келмейтін екі малғұнды және әлгі бір қаншықты құдайдан безген деуге болады.Бұл екі аяқты малғұндарды тиісті орындар тез арада тауып алып, қатаң түрде жазалау керек. Келесі де қайталамайтындай етіп және басқа біреулердің де екінші мұндай тірлікті қайталауға жүрегі дауламайтындай.

Имя *:
Email:
Код *:
Жазбалар мұрағаты
Біздің сауалнама
Менің сайтыма баға беріңіз
Жауаптар: 188
біздің достар
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушы: 0
    Copyright MyCorp © 2014
    Создать сайт бесплатно