КЕДЕНДІК ОДАҚ КРЕМЛЬГЕ ҒАНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ МЕ? - 22 Января 2010 - АЛТЫ АЛАШ
Мой сайт
Дүйсенбі, 15.09.2014, 06:00
Приветствую Вас Гость | RSS
 
Главная РегистрацияВход
Сайт мәзірі
Бөлім категориясы
Саясат [110]
Саяси оқиғалар
Билік және бұқара [160]
Елдегі оқиғалар
Спорт3 [79]
Әртүрлі [353]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қаңтар 2010  »
ДССССРБСЖМСБЖК
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Главная » 2010 » Қаңтар » 22 » КЕДЕНДІК ОДАҚ КРЕМЛЬГЕ ҒАНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ МЕ?
14:47
КЕДЕНДІК ОДАҚ КРЕМЛЬГЕ ҒАНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ МЕ?

КЕДЕНДІК ОДАҚ КРЕМЛЬГЕ ҒАНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕ МЕ?
Ресей, Белоруссия, Қазақстан арасындағы Кедендік одақтың өмірге келгеніне аз күн өтсе де, одақтастар арасында үлкен даудың шеті бұрқ ете қалды. Дау негізінен Ресей мен Беларусь мемлекеттері арасынан шығып отыр. Ресми Минск Кремльді Кедендік одақ аясында қабылданған келісімдерді орындамай отыр деп айыптауда. Атап айтқанда, Кедендік одақ аясында баж салығы алынып тасталыну керек болса, Ресей Беларусь мемлекетіне жеткізілуге тиіс 15 млн тонна мұнай үшін 100 пайыз баж салығын төлеуді талап етуде. Ресей 8 млн тонна мұнайды баж салығынсыз жеткізуге келіскенімен, оны 6 млн тоннаға қысқартып тастапты. Егер Минск өз талаптарына көнбесе, онда сол 6 млн тонна мұнайға қойған "жеңілдіктен” де қағылады деп шіреніп отыр. Бұған байланысты Беларусь сарапшылары "Ресей — арадағы келiсiмдердi сақтамайтын әрiптес. Энергоресустарды жеткiзуде сенiмнен шықты. Әлi жұмысын бастап үлгермеген Кеден одағын iс жүзiнде құлатты. Мәскеу энергетикалық ресурстарды саяси құрал ретiнде пайдаланып, Минскiге қысым көрсетуде” дегенге саятын көзқарастарын жариялап та үлгерді.
Бұл Кедендіктің одақтың құрылуы қазақстандық көптеген сарапшылардың қарсылығына ұшыраған болатын. Қарсылық білдірушілер тіпті Қазақстан экономикалық секторда Ресейге тәуелді болуып қалуы мүмкін деген күдіктерін де жасыра алмаған. Өкінішке орай, сол күдік расқа айнала бастаған тәрізді. Егер Кремль мен Минск арасындағы жанжал оңды шешімін таппаса, онда Белоруссияның Кедендік одақтан шығуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда одақ ішінде Ресей мен Қазақстан ғана қалады. Ал Қазақстанның Ресеймен иық теңестіре алмайтыны әбден белгілі. Тек шикізатты өндіруді ғана қанағат тұтып отырған Қазақстанға не өткізе алуы мүмкін? Есесіне Ресейден елімізге импортталатын тауарлардың түрі көп-ақ. Енді кедендік рәсімсіз болғандықтан, импорттың үлес салмағы тіптен молая түсетіні айтпаса да түсінікті. Одақ аясында кедендік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге асырылмайды. Бұған дейін Ресей елінен "Шадринское” сүті сияқты құрамы күдікті заттар кеденнен оп-оңай өтіп жатқанда, ендігі уақытта мұндай тауарлардың тіптен көбейе түсеріне күмәніміз де қалмағандай. Оның үстіне, Ресей тауарларының барлығын халықаралық стандарттарға сай деп айта алмаймыз. Ешқандай бақылау жүргізілмейтіндіктен, елге адам денсаулығына зиянды өнімдер өтіп кетсе не болмақ? Өйткені, енді ішкі шекара аумақтарындағы барлық кедендік бекеттер алынып тасталынады.
Ал Қазақстан Ресей нарығына не шығара алады? Біздіңше, ауычз толтырып айтар ештеңе жоқ. Қаржы министрі Болат Жәмішовтің өзі бұл туралы "Біртұтас экономикалық кеңістік шикізаттық емес секторды дамытуға мүмкіндіктер құрады, бірақ кепілдік бермейді. Кедендік одақтың ішінде бәсекелестіктің болатыны сөзсіз және бұл орынды да, өйткені шынайы экономика тек бәсекелестік қабілетті жағдайда ғана құрылады” дейді. Ал біздің экономикамыз негізінен шикізаттық секторға құрылған. Рас, шикізаттық емес секторды дамытуға бәсекелестіктің ықпалы бар шығар, бірақ оған кепілдіктің жоғын министрдің өзі мойындап отыр. Ал Қазақстан үшін мұндай кепілдіктің тіпті төбесі де көрінбейтін тәрізді. Өйткені, бізде шағын және орта бизнесті дамытуға соншалықты қолайлы жағдай туғызыла қоймаған, оған қоса коррупция белең алған әрі рейдерлік әрекеттер қылаң беретін мемлекетте өз бизнесіңді дамыту қиын-ақ. Онсыз да тұралап тұрған бұл сектор Ресейден импорт тауарлар қаптағанда бәсекеге шыдай алады ма екен? Әй, қайдам... Айналып келгенде Ресейдің экономикасы үшін қызмет ететін одақ болғалы тұр ғой бұл. Біздіңше, бұл салдарды Қазақстан билігі білмей қалған жоқ. Тек, Қытаймен арасы жақындасып кеткен соң, арадағы теңгерімді сақтау үшін Ресейдің ығына жығылған сияқты. Ресми Астьананың бұл саясатына риза болатындар да баршылық. Ресей, Қытай, Еуропа мен АҚШ арасындағы саясатын теңдей жүргізіп, өзінің қауіпсіздігін керемет үйлестіріп отыр дейді ғой олар. Бір шетінен бұл дұрыс пікір де шығар. Ал бірақ екінші жағынан қарасақ, Қытайды да, Ресейді де екі бүйірімізден жақындата түсіп, арасында тұншығудың алдында тұрған сияқтымыз. "Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі” дегендей, Ресей мен Қытай бір сүйкенсе, Қазақстанның жағдайы нешік болмақ? Осы жағын ойлап жатқан кім бар?
Қаржы министрі Кедендік одақ туралы тағы да мынаны айтады: "Біздің экономикамыздың шикізаттық бағыты оның әлсіз жағы болып табылады. Әрине, біздің елімізде мұнайдың және басқа да қазба байлықтардың бар болуы — маңдайымыздағы бақ. Бұл салалар біздің экономикамыздың өзегі болып отыр және қазіргі дағдарыс жағдайында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымын осылар қалыптастыруда, біздерде макроэкономикалық көрсеткіштерде тұрақтылық орнаған.
Солай болғанымен, біздің экономикамыз дағдарыс жолағынан шыға қойған жоқ. Макрокөрсеткіштер деңгейінде жағдай оңға басты, бірақ микроэкономикалық деңгейде бұл туралы сөз қозғау әлі ерте. Құрылыс және қаржы секторлары да толық көлемде тұрақтана қойған жоқ. Шағын бизнеске қатысты да осыны айтуға болады.
Осылайша, біздердің мұнай өндіру және кен өнеркәсіптеріміз, жалпы алғанда, экономиканы дағдарыстан шығаруға ықпал етуде, бірақ экономиканың мұндай біржақты дамуы, сөзсіз, тәуекел факторы болып табылады. Ол елдегі бүкіл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ете алмайды. Сондықтан біздер үшін экономиканы әртараптандыру өте маңызды. Біздердің тауар өндірушілеріміз үшін сатудың үлкен рыногы ашылғанда ғана олар бәсекелестікке қабілетті бола алады. Міне, Кедендік одақ осы үшін құрылып отыр”.
Ал шын мәнінде Қазақстандағы тауар өндірушілер еліміздің өз сұранысын да қанағаттандыра алмай келеді. Сонда олар үлкен рынокқа қандай тауарын шығармақ? Оның үстіне бүгінгідей дағдарыс салқыны есіп тұрған шақта жаңа өнеркәсіп ашып, оны дамытудың өзі ертегіге ұқсас жағдай ғой. Мұндайда бұрыннан көшін сүйретіп келе жатқан ресейлік тауар өндірушілердің бағы жанатыны тағы да белгілі. Бұған қоса жақын жылдары Ресеймен қол ұстасып Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірсек, сонымен бәсекелестікке шыдай алмаған Қазақстанның шағын және орта бизнесі мүлдем құрдымға кетер түрі бар.
Сондықтан, Ресей мен Беларусь мемлекеті арасындағы жанжалды желеу ете отырып, Қазақстанның Кедендік одақ құрамынан шыққаны абзал-ау осы. Бұған өзге оқырмандар не айтады екен?
Т.МЕРГЕН.
Категория: Саясат | Просмотров: 500 | Добавил: АЛАШ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *:
Жазбалар мұрағаты
Біздің сауалнама
Сіз "ХАЛЫҚ ҮНІ" газетінің материалдарын қайдан оқисыз?
Жауаптар: 85
біздің достар
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 0
    Қонақтар: 0
    Қолданушы: 0
    Copyright MyCorp © 2014
    Создать сайт бесплатно